×
$
458.45
531.39
5.29
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
458.45
531.39
5.29

2 қыркүйекте елімізде жаңбыр жауып, үсік жүреді

Бүгін, 09:05
2 қыркүйекте елімізде жаңбыр жауып, үсік жүреді
ашық дереккөз

Сәрсенбі, 2 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде кең ауқымды солтүстік антициклонның ықпалы сақталып, күн негізінен құрғақ әрі бұлтсыз болады. Түнде еліміздің солтүстік өңірлерінің кей жерлерінде үсік жүреді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында солтүстік циклонның ойысы мен онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Алматы облысының таулы аудандарында жауын-шашын мол түсіп, найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал.

Еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жел күшейеді. Солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Батыста түнде ауа температурасы +10…+18°C, күндіз +28…+33°C болады.

Солтүстік-батыс пен солтүстікте түнде ауа температурасы 0…+5°C аралығында болады. Кей жерлерде әлсіз үсік жүруі мүмкін. Күндіз ауа температурасы +20…+33°C-қа дейін көтеріледі.

Шығыс пен орталық өңірлерде түнде ауа температурасы 0…+5°C болады. Кей жерлерде әлсіз үсік күтіледі. Күндіз +15…+30°C-қа дейін жылынады.

Қазақстанның оңтүстігінде түнде ауа температурасы +13…+18°C, таулы аймақтарда +5…+10°C болады. Күндіз +20…+25°C, таулы аудандарда +10…+15°C шамасында болады.