Алматының Жетісу ауданындағы жеке үйлердің бірінен ер адамның мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған. Полиция қылмыстық іс қозғап, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Мәйіт жалдамалы жеке үйден табылған. Ер адам үйде ағасымен бірге тұрған.
Қолда бар ақпаратқа қарағанда, ол жұмыс істеген, тыныш өмір сүрген және ішімдікке әуес болмаған. Қазір оқиғаның себептері анықталып жатыр.
Бұған дейін
Бұған дейін Алматы облысының Ұзынағаш ауылында 21 жастағы Диананың өлі күйінде табылғанын жазған едік.
Полиция бұл іс бойынша адамды өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Алайда қыздың туыстары оның суицид жасағанына сенбейді. Марқұмның денесінен көгерген іздер табылып, қайтыс болғаннан кейін ақшасы мен алтын алқасы жоғалып кеткен.