×
$
455.4
526.99
5.25
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
455.4
526.99
5.25

Бублик US Open турнирінің үшінші айналымына шықты

Бүгін, 15:40
Бублик US Open турнирінің үшінші айналымына шықты
Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның ерлер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик «Үлкен дулыға» санатындағы маусымның қорытынды турнирі — АҚШ ашық чемпионатының (US Open) екінші айналымында жеңіске жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Әлемдік рейтингте 16-орында тұрған және турнирде 15-нөмірмен өнер көрсетіп жатқан қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 67-ракеткасы, франциялық Адриан Маннариномен кездесті.

Үш сетке созылған матч Бубликтің 6:3, 6:1, 6:1 есебімен жеңісімен аяқталды.

Теннисшілер хард кортында 1 сағат 22 минут ойнады. Осы уақыт ішінде Александр 16 эйс жасап, үш рет қос қателікке жол берді және 14 брейк-пойнттың алтауын сәтті пайдаланды.

Келесі қарсыласы кім?

Үшінші айналымда қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 29-орында тұрған америкалық Томми Полмен кездеседі.