×
$
455.86
528.84
5.25
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
455.86
528.84
5.25

Ілияшев пен Тұрымбетовке қатысты қылмыстық іс қозғалды: не белгілі

Бүгін, 16:41
Ілияшев пен Тұрымбетовке қатысты қылмыстық іс қозғалды: не белгілі
Азаттық радиосы / fergana.agency

Оларға шетел азаматы шағым түсірген. Бұл туралы Алматы прокуратурасы Ulysmedia.kz редакциясы сауалына берген жауабында хабарлады.

Мән-жай

Прокуратура мәліметінше, шетел азаматы Ілияшев пен Тұрымбетов М.А үстінен арыз жазған. Полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Бүгін таңертең жылдам қимылдайтын арнайы жасақ (СОБР) Ілияшевтің пәтеріне кіріп, тінту жүргізген. Белсендінің өзін жауап алуға алып кеткен.

— Таңғы сағат 6:37 шамасында әкем маған қоңырау шалып, Әлнұрға «СОБР келгенін» айтты. Мен жеткенде подъезд маңында жедел уәкілдердің жүргенін көрдім. Мені ішке кіргізбеді, бірақ бәрінің аман-есен екеніне көз жеткіздім, — деді белсендінің ағасы Қанат Ілияшев.

Бұған дейін Ілияшевтің 2023 жылы «Халық парламенті» отырысына қатысқаны үшін бес тәулікке қамауға алынғанын жазған едік. Белсенді наразылық акцияларына қатысқаны үшін бұған дейін де бірнеше рет ұсталған.