Доминикан Республикасының өкілі Джохейри Мола Домингез «Әлем аруы – 2026» байқауының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Байқаудың финалы Вьетнамның Кханьхоа провинциясында өтті. Бұл ел «Әлем аруы» байқауын алғаш рет қабылдап отыр.
Бірінші вице-мисс атағы Испания өкілі Элизабет Рейнес Алабернге бұйырды. Ал екінші вице-мисс Малайзия өкілі Таанусия Четти атанды.
Бас жүлде үшін әлемнің әр елінен келген 111 ару бақ сынады.
Финал Нячанг қаласының орталық жағажайы маңындағы ашық алаңда өтті. Көрермендерге арналған орын 20 мыңнан аса адамға есептелген. Сахнаның ұзындығы 110 метрден асады, ал ені шамамен 40 метр.
Қазақстан атынан байқауға Miss Qazaqstan 2024 жеңімпазы Бағым Балтабаева қатысты.
Алайда ол халықаралық байқаудың жүлделі орындарына іліге алмады.