×
$
456.56
530.52
5.28
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
456.56
530.52
5.28

Трамптың кіші ұлы қазақтың шапаны мен тымағын киіп көрді

Бүгін, 13:15
Трамптың кіші ұлы қазақтың шапаны мен тымағын киіп көрді

Қазақстандық тревел-блогер Дастан Мұхамедрақым Дональд Трамптың кіші ұлымен бірнеше күн бірге болып, оны қазақтың салт-дәстүрімен таныстырған. Демалыс кезінде ол АҚШ президентінің ұлына ұлттық нақыштағы шапан мен тымақ сыйлады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Блогердің айтуынша, олар табиғат аясында үш күн бірге уақыт өткізген. Сол кезде Дастан америкалық қонаққа қазақтың ұлттық киімдерін сыйлауды жөн көрген.

– Демалыс кезінде оған қазақтың шапанын сыйлап, дәстүрлі тымақ кигізудің сәті түсті! – деп жазды ол.

Кадрларда Трамптың кіші ұлы қазақтың ұлттық киімін киіп, суретке түсіп тұрғанын көруге болады.

Оның есімін Қазақстанмен не байланыстырады?

Кейінгі уақытта Дональд Трамптың кіші ұлының есімі Қазақстанда бұл видеодан бөлек, басқа себеппен де аталып жүр.

Бұған дейін Қарағанды облысындағы екі вольфрам кен орнын игеруге қатысты ірі жоба белгілі болған. Жоба Дональд Трамптың кіші ұлы мен оның ағасы Эрик Трамптың бизнесімен байланысты.

Cove Kaz Capital Солтүстік Қатпар және Жоғарғы Қайрақты кен орындарында дайындық жұмыстарын бастады. Жобаға салынатын инвестиция көлемі шамамен 1,1 млрд доллар болады.

Не өндіріледі?

Екі кен орнында кен өндіру мен оны байытудан бастап, дайын вольфрам өнімін шығаруға дейінгі толық өндірістік цикл құру жоспарланып отыр.

Жобаның жылдық өндірістік қуаты шамамен 12 мың тонна болады. Бұл қазіргі әлемдік вольфрам өндірісінің шамамен 15 пайызына тең.

Жоба іске қосылғаннан кейін шамамен 1,2 мың жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр.

Трамптың ұлдары жобаға қалай келді?

2025 жылғы қарашада Cove Capital мен «Тау-Кен Самұрық» кен орындарын игеру үшін бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге келген.

2026 жылдың көктемінде Financial Times басылымы жобаға Дональд Трамп-кіші мен Эрик Трамптың қосылуы мүмкін екенін хабарлады.

Кейін Skyline Builders және Cove Kaz Capital Group мәміле жасалғанын жариялады. Соған сәйкес, Kaz Resources Inc. Солтүстік Қатпар және Жоғарғы Қайрақты кен орындарын игерумен айналысуға тиіс.