×
$
456.56
530.52
5.28
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
456.56
530.52
5.28

Шакира Бішкекке ат басын бұра ма: концертке дайындық басталды

Бүгін, 13:42
Шакира Бішкекке ат басын бұра ма: концертке дайындық басталды
Theo Wargo / Getty Images for MTV

Колумбиялық әнші Шакира жаңа «Бішкек Аренада» концерт беруі мүмкін. Әлемдік жұлдызбен келіссөздер жүргізіліп жатыр, алайда өнер көрсететін нақты күні әзірше белгісіз, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Әншінің Қырғызстанда концерт беруі мүмкін екенін Қырғызстан президенті іс басқармасының жетекшісі Қаныбек Туманбаев мәлімдеді. Ол Instagram-дағы парақшасында Шакираның видеосын жариялап, «Жақында Bishkek Arena-да! Күтесіздер ме?» деген жазба қалдырған.

Президент іс басқармасы нақтылағандай, қазір тараптар концерт өткізу шарттарын келісіп жатыр. Болжам бойынша, концерт қараша айында өтуі мүмкін. Алайда нақты күні әзірше белгіленген жоқ. Билеттердің сатылымға қашан шығатыны да айтылмады.

«Бішкек Арена» — 51 мың көрерменге арналған жаңа спорттық-концерттік кешен. Арена FIFA стандарттарына сай салынған.

Аренадағы алғашқы ірі шара 31 тамызда өтті. Бұл жерде VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Іс-шара кезінде америкалық әнші Николь Шерзингер өнер көрсетті.

Бұған дейін билік пен ұйымдастырушылар жаңа алаңда басқа да әлемдік жұлдыздардың өнер көрсететінін хабарлаған.

Шакира туралы

Шакира Исабель Мебарак Риполь 1977 жылы 2 ақпанда Барранкильяда дүниеге келген. Колумбиялық әнші, ән авторы әрі продюсер әлемге 2000 жылдардың басында танылды.

Оның ең танымал әндерінің қатарында Whenever, Wherever, Hips Don't Lie, Waka Waka (This Time for Africa) және La Tortura бар.

Шакира — бірнеше Grammy және Latin Grammy сыйлығының иегері. Музыкалық мансабынан бөлек, ол қайырымдылықпен айналысып, Колумбиядағы балаларға арналған білім беру жобаларын қолдайды.