Ulysmedia.kz 8 қыркүйектегі Алматы, Астана және Шымкент қалаларындағы айырбастау пункттеріндегі валюталарды сатып алу және сату бағамдарының орташа көрсеткіштерін жариялады.
Алматы
Долларды орта есеппен 454,51 теңгеден сатып алып, 456,78 теңгеден сатып жатыр. Еуроның бағамы – 527,41-531,65 теңге. Рубль – 5,10-5,24 теңге.
Астана
Доллар – 452,03-458,99 теңге. Еуро – 523,75-533,73 теңге. Рубль – 5,01-5,26 теңге.
Шымкент
Айырбастау пункттерінде доллардың орташа бағамы – 454,35-456,38 теңге. Еуро – 527,62-532,31 теңге. Рубль – 5,15-5,22 теңге.
Айта кетейік, айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы күн ішінде өзгеруі мүмкін.
Теңге биржада нығайды
Еске салайық, 7 қыркүйектегі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 454,27 теңге болды. Бұл алдыңғы сауда күніндегі көрсеткіштен 2,08 теңге төмен.