×
$
454.31
528.04
5.25
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
454.31
528.04
5.25

Экс-депутат Базарбек қағып кеткен адам комадан шықты

Бүгін, 11:00
Экс-депутат Базарбек қағып кеткен адам комадан шықты
Ulysmedia коллажы

Бұрынғы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек қағып кеткен Нұржігіт есімді азамат комадан шықты. Ол есін жиып, жақындарын тани бастаған. Алайда ауыр жарақат алған науқастың жағдайы әлі де дәрігерлердің жіті бақылауын қажет етеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Жақындарын танып, жағдайы жақсарып келеді

Бұл туралы экс-депутаттың өзі мәлімдеді. Оның сөзінше, науқас анасын, әйелін, балаларын, сондай-ақ аға-інілері мен әпке-қарындастарын таныған.

Бұрынғы депутат зардап шеккен азаматтың өмірін сақтап қалған дәрігерлер мен Денсаулық сақтау министрлігіне алғысын білдірді.

Бұған дейін Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы қарқынды терапия аясында науқастың жағдайы жақсарып келе жатқаны хабарлаған. Дегенмен алған көп жарақаты әлі де ауыр күйінде қалып отыр.

Қазір Нұржігіт Тараз қалалық көпбейінді ауруханасында дәрігерлердің бақылауында.

Жол апаты қалай болды?

Жол апаты 16 тамызда Жамбыл облысындағы Батыс Еуропа – Батыс Қытай тасжолында болған. Полицияның алдын ала мәліметінше, Бақытжан Базарбек басқарған Toyota көлігі жолдың жүріс бөлігінде тұрған ер адамды қағып кеткен.

Ауыр жағдайда болған азамат шұғыл түрде жансақтау бөліміне жеткізілді. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұған дейін экс-депутат зардап шеккен азаматтың отбасымен байланыста екенін мәлімдеген.