Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағы қайта жаңғырту жұмыстарына байланысты уақытша жабылды. Саябақтағы инфрақұрылым мен абаттандыру жұмыстары жаңартылмақ. Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаевтың саябақ аумағындағы ескерткішінің тағдыры да көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Саябақ толықтай жабылды
Құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілетін кезеңде саябақ аумағы келушілер үшін толық жабық болады. Қайта жаңғырту аясында инженерлік және жол-тротуар инфрақұрылымын жаңарту, аумақты абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі.
Алайда әкімдік әзірше жұмыстардың нақты қашан аяқталатынын және саябақтың келушілер үшін қашан ашылатынын хабарлаған жоқ.

Фото: Алматы әкімдігі
Ескерткіштің тағдыры не болады?
Алдағы ауқымды жаңғырту жұмыстарына байланысты саябақтың кіреберіс аркасының маңында орналасқан Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішінің тағдыры да көпшіліктің қызығушылығын тудырды.
Ulysmedia.kz Алматы әкімдігіне хабарласып, монументті алып тастау, басқа жерге көшіру немесе ауыстыру жоспарланған-жоспарланбағанын сұрады.