×
$
454.31
528.04
5.25
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
454.31
528.04
5.25

PISA-2025: қазақстандық оқушылардың барлық пән бойынша нәтижесі төмендеген

Бүгін, 16:19
PISA-2025: қазақстандық оқушылардың барлық пән бойынша нәтижесі төмендеген
ЖИ/ Ulysmedia

Қазақстандық оқушылардың PISA-2025 халықаралық зерттеуінде үш бағыттың барлығында да нәтижесі нашарлаған. Ең көп төмендеу математика пәнінен байқалды — 2022 жылмен салыстырғанда нәтиже 12 балға түскен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Сандар

Жаратылыстану ғылымдары бойынша Қазақстан 420 балл жинаған (ЭЫДҰ орташа көрсеткіші – 482), оқу сауаттылығы бойынша – 385 балл (орташа – 461), математикадан – 414 балл (орташа – 463). Яғни Қазақстан барлық пән бойынша ЭЫДҰ-ның орташа көрсеткішінен айтарлықтай төмен нәтиже көрсеткен.

Математикадан қазақстандық оқушылардың тек 44%-ы базалық деңгейді меңгерген. Жаратылыстану ғылымдарында бұл көрсеткіш – 52%, ал оқу сауаттылығында – 36%.

Салыстырмалы түрде, ЭЫДҰ елдеріндегі орташа көрсеткіштер тиісінше 65%, 74% және 69% болады,

Қазақстандық оқушылардың әр пән бойынша 5-6 деңгейдегі жоғары нәтижесі 1%-дан да төмен болған.

Қазақстан ғана емес

ЭЫДҰ өкілдері көп елде оқушылардың нәтижесі төмендегенін атап өтті. Ұйымның математика және оқу сауаттылығы бойынша орташа көрсеткіштері тарихи ең төмен деңгейге жеткен.

2025 жылғы зерттеуге 91 елден 760 мыңнан астам жасөспірім қатысты.

Бұған дейін сарапшы Алмас Ордабаев қазақтілді мектептердің орыстілді мектептерден артта қалу себептерін түсіндірген еді. Оның айтуынша, қазақ сыныптарындағы оқушылар тестілерді орыс тілінде жақсырақ тапсырады, ал қала оқушылары ауылдағы құрдастарынан 2–3 жылға озып кеткен.