×
$
454.31
528.04
5.25
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
454.31
528.04
5.25

Доллар күрт арзандағаннан кейін қайта қымбаттай бастады

Бүгін, 17:50
Доллар күрт арзандағаннан кейін қайта қымбаттай бастады
Ulysmedia

8 қыркүйектегі сауда қорытындысы бойынша теңге долларға, еуроға және рубльге қатысты сәл әлсіреді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Доллар қайта қымбаттай бастады

Қазақстан қор биржасындағы доллар бағамы 454,39 теңге болды. Бір күнде америкалық валюта 0,03%, яғни шамамен 12 тиын қымбаттады. Ал 7 қыркүйектегі сауда қорытындысында доллар керісінше арзандап, 454,27 теңгемен жабылған еді.

Еуро мен рубль де қымбаттады

8 қыркүйекте еуро 527,85 теңгеден саудаланып, 0,06% өсті. Бір күн бұрын оның бағамы 527,52 теңге болған.

Рубль бағамы 5,2519 теңгеден 5,2552 теңгеге көтерілді. Қытай юані 67,7020 теңгеге дейін қымбаттады.

Осылайша, бір күн бұрын айтарлықтай нығайған теңге қайтадан сәл әлсіреді. Дегенмен валюта бағамдарындағы өзгеріс айтарлықтай болған жоқ.