×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қарызға белшеден батқан Петропавлдағы зауыт тағы cатылымға шығарылды

14.02.2023, 17:11
Қарызға белшеден батқан Петропавлдағы зауыт тағы cатылымға шығарылды
фото: ашық дереккөзден

Нысанның сатылатыны жөнінде хабарлама электрондық сауда алаңында жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Сату объектісі – "Петропавл ауыр машина жасау зауыты" АҚ; сатушы – "Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ; бағалау құны: Т6 332 742 260", – делінген хабарламада.

Сауда-саттық конкурс түрінде өтпек. Өтінімдер 28 ақпанға дейін қабылданатыны айтылған. 

Еске сала кетейік, бұқаралық ақпарат құралдары өткен жылдың желтоқсанында 28 желтоқсанда 12 трлн теңгеге жуық кредиторлық берешегі бар Петропавл ауыр машина жасау зауыты 6,3 млрд теңгеге сатылатыны жөнінде жарыса жазған. Ол кезде өтінімдер 29 желтоқсанға дейін қабылданатыны айтылған.

Бекітілген құжаттарға сәйкес, зауыттың қарызы – 24 млрд теңге, "Қазақстан инжиниринг" алдындағы берешеі – 2,9 млрд теңге.