×
$
454.46
527.72
5.25
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
454.46
527.72
5.25

Сатыбалдының бұрынғы қонақүйі қаншаға сатылатыны белгілі болды

Бүгін, 16:40
Сатыбалдының бұрынғы қонақүйі қаншаға сатылатыны белгілі болды
Ulysmedia коллажы

Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған Алматыдағы DoubleTree by Hilton қонақүйі саудаға шығарылды. Нысанның бастапқы бағасы 12,76 млрд теңге болып белгіленген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Не сатылады

Алматының Алмалы ауданындағы Досмұхамедов көшесі, 115 мекенжайында орналасқан қонақүй кешенінің жалпы ауданы – 16 196 шаршы метр. Қазір ғимарат бос тұр.

Сатып алушыға тек ғимараттың өзі беріледі. Мәмілеге жиһаз, тауар белгілері, DoubleTree by Hilton атауы және франчайзинг келісімі кірмейді.

Бағасы қанша

Нысанды «Активтерді бағалау орталығы» бағалап, құнын 12,76 млрд теңге деп белгіледі. Ал ғимараттың баланстық құны – 4,78 млрд теңге, яғни саудадағы бастапқы баға баланстық құнынан 2,6 есе жоғары.

Ғимаратқа тыйым салынбаған. Алайда жер учаскесіне «Су желісі» МКК пайдасына сервитут қойылған.

Сауда 25 қыркүйекте өтеді. Өтініштер 09:55-ке дейін қабылданады.

Контекст

Бұған дейін депутат Ермұрат Бәпи қонақүйдің сатылу ашықтығына күмән келтірген еді. Оның пікірінше, нысан әдейі төмен бағаланып, кейін Сатыбалдымен байланысты компаниялар оны қайтадан арзанға сатып алуы мүмкін болған.

Бас прокурор Берік Асылов мемлекеттік органдардың мемлекет мүддесі үшін әрекет еткенін айтып, лоббизм белгілері анықталмағанын мәлімдеген.

Қонақүй 2023 жылғы қыркүйекте сыйға тарту шарты бойынша мемлекет меншігіне өткен.