×
$
456.89
531.36
5.32
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
456.89
531.36
5.32

Құрылтай депутаттарының жұмыс кестесі бекітілді

Бүгін, 12:38
Құрылтай депутаттарының жұмыс кестесі бекітілді
Ulysmedia коллажы

Құрылтай депутаттарының жұмыс тәртібін бекітті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Толығырақ

Құрылтайдың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі, Құрылтай регламенті бойынша жұмыс тобының жетекшісі Снежанна Имашева Құрылтай отырысы депутаттардың үштен екісі, яғни 97 адам болған жағдайда ғана өтетінін айтты.

– Құрылтай отырыстары, әдетте, сәрсенбі және (немесе) бейсенбі күндері, тыңдаулар жұмада, Үкімет сағаттары дүйсенбіде өткізіледі. Регламенттің осы тармағының талаптарына сәйкес аталған күндері өтетін Құрылтай отырыстары шақырылған болып есептеледі, – деді ол.

Ал басқа жұмыс күндері депутаттар Құрылтайдың жұмыс органдарында өз өкілеттерін жүзеге асырады. Сондай-ақ өңірлерге барып, сайлаушылармен кездеседі.

– Сайлаушылармен байланысты сақтау үшін депутаттарға Қазақстанның өңірлері мен елді мекендеріне баруға 10 күнтізбелік күнге дейін уақыт беріледі. Сапарлар Құрылтай Бюросының шешімімен ұйымдастырылады, алайда бір сессия барысында кемінде екі рет өткізілуі керек, – деп атап өтті Снежанна Имашева.

Бұған дейін Құрылтай баспасөз өкілдерінің жұмыс тәртібіне қатысты жаңа ережелерді жариялаған еді. Енді БАҚ-тың депутаттармен және Үкіметтің шақырылған мүшелерімен барлық коммуникациясы баспасөз орталығында және Құрылтай отырысының күн тәртібі аясында өтуі керек.