×
$
456.89
531.36
5.32
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
456.89
531.36
5.32

Қазақстан энергиясының үштен бірін 10 компания тұтынып отыр

Бүгін, 16:45
Қазақстан энергиясының үштен бірін 10 компания тұтынып отыр
Pixabay.com

Қазақстанның ЖІӨ энергия сыйымдылығы төрт жылда 4% төмендеді. 2029 жылға қарай өнеркәсіп саласында бұл көрсеткішті тағы 10%-ға азайту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Энергияны ең көп тұтынатындар кімдер

Мемлекеттік энергетикалық тізілімге 22 мыңнан астам кәсіпорын енгізілген. Алайда елдегі барлық энергияның үштен бірін небәрі 10 ірі компания тұтынады. Олардың жылдық энергия тұтыну көлемі 34 млн тонна шартты отынға жетеді.

Оның 44,7%-ы энергетика секторына, 42,4%-ы өнеркәсіпке, шамамен 13%-ы мұнай-газ саласына тиесілі.

Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Олжас Әлібековтің айтуынша, осы 10 компания энергия үнемдеу жоспарларын орындаса, Қазақстанның ЖІӨ энергия сыйымдылығы тағы 1,5% төмендейді.

Контекст

Бұған дейін Қазақстан жан басына шаққандағы энергия тұтыну деңгейі бойынша әлемдегі алғашқы 25 елдің қатарына кіргені хабарланған. Көрсеткіш 157 гигаджоуль болды. Қазақстан 22-орынға жайғасып, Беларусьтен озып, Ресей мен Түрікменстаннан кейін тұр.