Бүгін Алматы маңында жер сілкінді, деп хабарлады Ulysmedia.kz ТЖМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясына сілтеме жасап.
“14 ақпанда Алматы уақытымен сағат 16:00-де жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 71 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан”, – деп жазылған хабарламада.
Энергетикалық санаты – 8.8.
MPV магнитудасы – 4.2.
Тереңдігі – 25 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер жоқ.