×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Түркияда зілзаладан кейін 198 сағат өткенде 18 жастағы жігіт құтқарылды

14.02.2023, 19:27
Фото: Ашық дереккөз

Түркияның Адыяман қаласында зілзаладан кейін арада 198 сағаттан соң үйінді астынан 18 жастағы Мухаммед Джафер Четин құтқарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Құрамында Түркия қарулы күштерінің әскери қызметкерлері, кеншілер, еріктілер бар құтқару бригадасы Абдул Муса көшесінің бойындағы жеті қабатты тұрғын үйдің үйіндісі астынан жас жігітті тапқан.

Сегіз күннен астам уақыт қиранды астында жатқан Четинді бірден ауруханаға әкетті.

1992 жылы 13 наурызда Түркияның Эрзинджан провинциясында жер сілкінісінен кейін 187 сағат өткенде Нурджан Эраслан есімді медбике құтқарылған болатын.

Еске сала кетейік, 6 ақпанда эпицентрі Түркияның Кахраманмараш қаласында болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны бүгінде 31,6 мыңнан асты.

Президент Режеп Тайып Ердоған табиғи апат құрбандарын еске алу үшін Түркияда жеті күндік ұлттық аза тұту жариялады. Түркияның мемлекеттік туы бүкіл елде жартылай түсірілді.

Жойқын жер сілкінісі көршілес елдерде, соның ішінде Сирия, Ливан, Солтүстік Кипрдің Түрік Республикасы, Грекия Кипрінде және Иракта да сезілді.

Серіктес жаңалықтары