×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Зілзала: Түркияда 1,6 млн адам баспанасыз қалды

15.02.2023, 07:49
фото: ашық дереккөзден

Түркияда зілзаладан қаза тапқандар саны 35 418 адамға жетті. Бұл туралы  ел президенті Режеп Тайып Ердоған телеүндеуде мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Түрік басшысының сөзінше, жарақат алған 13 208 адам ауруханаларда ем алып жатыр.

Ердоғанның сөзінше, апат аймағындағы іздеу-құтқару және басқа да жұмыстарға 250 мыңға жуық мемлекеттік қызметкер тартылған.

Ол зілзала қиратқан аудандардағы іздеу-құтқару жұмыстары үйінді астындағы тірі адамдар аман шығарылғанға дейін жалғасатынын атап өтті.

Мемлекет басшысының айтуынша, келесі айда Түркия билігі зілзаладан зардап шеккендерге арналған 30 000 үйдің құрылысын бастайды. Қазіргі уақытта 1,6 млн адам баспанаға мұқтаж.

«Апат аймағында 175 мың палатка, 5,4 мың контейнер үлгісіндегі үй орнатылған», деп атап өтті Ердоған.

Оның сөзінше, Түркия билігі зілзала болған аймақтардың бәрінде жыл бойы сапасы жоғары әрі адамдарға қауіпсіз тұрғын үйлердің құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, кеше Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға қосымша гуманитарлық көмек жөнелтуді тапсырды.

Бұдан бұрын мемлекет Түркияға көмек ретінде 1 млн доллар бөлген. Сонымен қатар, еліміздің түкпір-түкпірінен 115 тонна гуманитарлық жүк, 35 млн теңге қаржы жиналды.

Зілзаладан зардап шеккендерге көмектесу үшін қазақстандық құтқарушылардың екі тобы бауырлас елге аттанды. ТЖМ мәліметінше, елімізден барған құтқарушылар үйінді астынан 7 адамды аман алып шықты және 80 адамның денесін тапты.

Қазақстан жойқын жер сілкінісінің зардабын тартқан Сирияға да көмек қолын созды. Бұл мақсатта бюджеттен 160 млн теңге бөлінді.

 

Серіктес жаңалықтары