×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Қазақстан Түркияға қосымша 55 тонна гуманитарлық көмек жібереді

15.02.2023, 08:15
фото: ашық дереккөзден

Президент тапсырмасына сәйкес Қазақстан Түркияға қосымша гуманитарлық көмек жөнелтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚР үкіметінің мәліметінше, гуманитарлық көмекте жалпы салмағы шамамен 55 тонна болатын киім-кешек (жылы күртешелер мен шалбарлар), қысқы шатырлар, металл кереуеттер, төсек-орын жабдықтары және басқа да күнделікті қолданысқа қажетті заттар бар.

Жүктер әуе көлігімен Түркияның Газиантеп қаласына жөнелтіледі.

Айта кетейік, кеше Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға қосымша гуманитарлық көмек жөнелтуді тапсырды.

Бұдан бұрын мемлекет Түркияға көмек ретінде 1 млн доллар бөлген. Сонымен қатар, еліміздің түкпір-түкпірінен 115 тонна гуманитарлық жүк, 35 млн теңге қаржы жиналды.

Зілзаладан зардап шеккендерге көмектесу үшін қазақстандық құтқарушылардың екі тобы бауырлас елге аттанды. ТЖМ мәліметінше, елімізден барған құтқарушылар үйінді астынан 7 адамды аман алып шықты және 80 адамның денесін тапты.

Қазақстан жойқын жер сілкінісінің зардабын тартқан Сирияға да көмек қолын созды. Бұл мақсатта бюджеттен 160 млн теңге бөлінді.

Серіктес жаңалықтары