×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Нөсер, тұман, көктайғақ: бірнеше өңірде ауа райы бұзылады

15.02.2023, 12:34
фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер республиканың кей аймақтарында қар жауады, елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар жаууы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қазгидромет» РМҚ мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігіне антициклон ықпал етеді, тек батыстағы аудандар батыстан шығысқа қарай ығысып келе жатқан циклонның ықпалында болады.

Соның әсерінен республиканың жекелеген аудандарында қар жауады, елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар жауады. 16-18 ақпанда оңтүстік пен оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда нөсер жауын мен қалың қар түсуі мүмкін. Республиканың оңтүстік бөлігінде көктайғақ болып, таулы және тау баурайындағы аудандарда тұман түседі. Республиканың солтүстігінде жел күшейіп, жаяу бұрқасын болады.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның сегіз өңірінде ескерту жариялаған болатын.

Серіктес жаңалықтары