×
479.42
467.91
8.21
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
479.42
467.91
8.21

ҚР-РФ шекарасында жүк көліктері аз емес, дегенмен өткізіп жатыр

21.03.2022, 15:22
Фото: ашық дереккөзден

ҚР премьер-министрінің орынбасары - сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов жағдай бақылауда екеніне сендірді деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

«Қазақстан-Ресей шекарасында жүк көліктерінің жиналып қалуына байланысты ақпаратпен бөлісе кетсем. Маштаково-Сырым шекара бекетінде Қазақстанға кіру үшін кезегін күткен көлік саны аз емес. Қазір желіде Ресей өткізбейді, Қазақстан кіргізбейді деген түрлі хабарлама тарап жатыр. Бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлаймын», – деген үкімет басшысының орынбасары көліктердің тұрып қалуына соңғы бірнеше аптадағы ауа райының қолайсыздығы себеп екенін келтірді.

Тиісті аймақта шамамен 10 күн боран соғып, көктайғаққа байланысты жолдар жабылған. Ауа райының қалыпқа келген соң жүк көліктерінің барлығы бірден Ресейдің «Маштаково» өткізу бекетіне асығып, бірнеше шақырымға созылған ұзын-сонар кезек қалыптасқан. Оған қоса, 16-17 наурызда болған қарлы боран кезінде Қазақстанның «Сырым» шекара бекетінде электр жарығы үзілген. Қазақстан тарапынан тауардың кешігуіне осы жайт әсерін тигізген.

Бірақ қазір, құзырлы министрліктің мәлімдеуінше жолдар ашылып, тазаланған, машиналарды өткізу қалыпты тәртіпте жүріп жатыр. Сонымен қатар, қазақстандық тарап, жүктерді шекарадан өткізу процесін жеңілдету мақсатында қазір ветеринариялық инспекторлардың шекара бекетінің аумағына кіруіне рұқсат беру мүмкіндігін пысықтауда. Бұл жүргізушілердің жеке ветеринарлық бақылау бекетіне айналып өту қажеттілігін жояды және трансшекаралық сауда процесін жеделдетеді.

«Достар, мен шекара трансшекаралық саудадағы жағдайды қадағалап отырамын және ресейлік әріптестерімізбен үнемі байланыстамын. Қандай да бір қиындықтар туындаған жағдайда, біз оларды жою бойынша жедел шаралар қабылдаймыз», – деп уәде етті Бақыт Сұлтанов.