×
479.42
467.91
8.21
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
479.42
467.91
8.21

Ауыр атлет Нижат Рахимов Олимпиада алтынынан айырылды

23.03.2022, 10:10
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Рио Олимпиадасының чемпионы Нижат Рахимов алтын медалінен ресми түрде айырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

Спорттағы төрешілік сотының мәліметінше,  Рио Олимпиадасының чемпионы, қазақстандық ауыр атлет Нижат Рахимов допинг дауына ілінуіне байланысты алтын медалінен айырылған. 

Сондай-ақ спортағы төрешілік соты (CAS ADD) сегіз жылға спорттан шеттетіу туралы ресми түрде шешім шығарды.

Допинг дауына ілінген қазақстандық ауыр атлет алғаш рет былтыр қаңтар айында дауға қалған. Халықаралық ауыр атлетика федерациясы оны айыптап, тексеру аяқталғанша барлық жарыстардан шеттеткен болатын. Соның салдарынан Нижат Токио Олимпиадасына қатысу мүмкіндігінен айырылды.