×
$
440.86
€
500.77
₽
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
440.86
€
500.77
₽
5.27

Балқаштағы жарылыс жұртты дүрліктірді

Бүгін, 17:40
Балқаштағы жарылыс жұртты дүрліктірді
Видеодан алынған кадр

Балқаш тұрғындарын әлеуметтік желілерде тараған қатты жарылыстың дауысы алаңдатты. Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті қалада төтенше жағдай болмағанын хабарлады. Тас карьерінде жоспарлы жарылыс жұмыстары жүргізілген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Құтқарушылардың мәліметінше, жарылыс 1 қазан күні сағат 10:30 шамасында қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде болған.

«НЕГІЗ-Д» ЖШС-не тиесілі тас карьерінің аумағында мердігер ұйым жарылғыш заттардың көмегімен тау жыныстарын ұсақтау жұмыстарын жүргізген. Жұмыс белгіленген кестеге сәйкес және тиісті рұқсат негізінде атқарылған.

Зардап шеккендер жоқ

Жарылыс туралы ақпаратты төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерді мониторингтеу кезінде Instagram-нан анықтаған. Осыдан кейін оқиға орнына жедел топ жіберілген.

– Тау жыныстарын ұсақтау бойынша жарылыс жұмыстары белгіленген кестеге және қолданыстағы рұқсатқа сәйкес жүргізілді. Зардап шеккендер жоқ, – деп хабарлады Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті.

«НЕГІЗ-Д» ЖШС Балқаш қаласында гранит қиыршығын өндірумен және шығарумен айналысады.