×
$
441.91
€
499.05
₽
5.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
441.91
€
499.05
₽
5.3

Қазақстан Халық кеңесінде жаңа тағайындау: Олжас Данабеков қызметке келді

Бүгін, 12:34
Қазақстан Халық кеңесінде жаңа тағайындау: Олжас Данабеков қызметке келді
Ulysmedia коллажы

Олжас Данабеков Қазақстан Халық кеңесі хатшылығы басшысының орынбасары болып тағайындалды. Ол бұған дейін Сенатта қызмет атқарған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мансабы

Олжас Данабеков 1983 жылы туған. Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Кейін «Болашақ» бағдарламасымен Лондон университеттік колледжінде білім алып, мемлекеттік саясат саласында ғылым магистрі дәрежесін алған.

Әр жылдары Әділет министрлігінде, Президент Әкімшілігінде, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында қызмет атқарған. Сондай-ақ Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігі төрағасының кеңесшісі және Сенат депутатының көмекшісі болған.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Сенат аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Қазақстан Халық кеңесі туралы не белгілі

Қазақстан Халық кеңесі қыркүйек айында жұмысын бастады. Жаңа органның алғашқы құрамына 126 адам кірді. Оның төрағасы болып Ерлан Қошанов сайланды. Оның кандидатурасын кеңестің 120 мүшесі қолдап, бір адам қалыс қалған.

Қазақстан Халық кеңесінің алғашқы сессиясында Қасым-Жомарт Тоқаев бұл органның формалды есептер мен қағазбастылыққа айналмауы керек екенін айтты. Президенттің сөзінше, кеңес мүшелері халықпен тікелей байланысып, қоғамдық пікірталастарға қатысып, күрделі мәселелерді көтеруі керек.