×
$
447.73
€
502.98
₽
5.35
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
447.73
€
502.98
₽
5.35

Қазақстан қоржынына тағы екі медаль түсті

Бүгін, 10:27
Қазақстан қоржынына тағы екі медаль түсті
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстандық спортшы Мерей Қабдоллаев Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды. Ол 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Сонымен қатар, Мариан Журавлева джиу-джитсудан қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Финалда Қабдоллаев Сауд Арабиясының өкілі Абдулла Тарик Надамен кездесті. Қазақстандық спортшы қарсыласына жол беріп, жарысты екінші орынмен аяқтады.

Ал Мариан Журавлева 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль үшін Иордания өкілі Майя Ишакатпен белдесті. Жекпе-жек қорытындысында Мариан жеңіске жетіп, Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Азия ойындары Жапонияда өтіп жатыр

XX жазғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатыр. Жарыс бағдарламасына спорттың 41 түрі енген.

Ойындарға Азияның 45 елі мен өңірінен спортшылар, сондай-ақ, Азия Олимпиадалық кеңесінің босқындар құрамасы қатысып жатыр.

Бұған дейін Қазақстан мен Өзбекстан спортшылары және жанкүйерлері 2026 жылғы Азия ойындарында бокс құрамаларының жетістігін бірге атап өткені туралы жазған едік.