×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

"Адамдарға қауіп төндіреді": Telegram-ның қитұрқылығы әшкереленді

16.02.2023, 13:26
"Адамдарға қауіп төндіреді": Telegram-ның қитұрқылығы әшкереленді
фото: ашық дереккөзден

WhatsApp мессенджерінің басшысы Уилл Кэткарт Telegram платформасының қаупі жайлы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы ол өзінің Twitter парақшасында жазды.

WhatsApp басшысының пікірінше, Telegram-да деректер қауіпсіздігі қамтамасыз етілмеген.

«Олардың е2ee (end-to-end encryption) хаттамаларында ақпаратты өзге қолданушылардан қорғайтын, шифрлайтын тәуелсіз тексеру жоқ. Telegram-да көптеген технологиялық компаниялар қабылдаған нақты ашықтық қағидаты да жоқ. Платформадағы өрескел қателіктер адамдарға қауіп төндіреді», - деп жазды Уилл Кэткарт.

Сондай-ақ, оның сөзінше бұл мессенджер құпия чаттардағы мәліметтерді өзге адамдардың оқуына мүмкіндік береді және Telegram әкімшілігі үкімет сұратуы бойынша кез келген құпия ақпаратты ұсынады.