×
$
447.73
€
502.98
₽
5.35
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
447.73
€
502.98
₽
5.35

Қорғаныс министрлігінде бюджет қаражатының жұмсалуына жоспардан тыс аудит жүргізіліп жатыр

Бүгін, 16:18
Қорғаныс министрлігінде бюджет қаражатының жұмсалуына жоспардан тыс аудит жүргізіліп жатыр
Қорғаныс министрлігі

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қорғаныс министрлігінде бюджет қаражатының жұмсалу тиімділігіне қатысты жүргізіліп жатқан жоспардан тыс аудит туралы есеп берілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Ауқымды тексеріс 50 нысанды, оның ішінде 48 әскери бөлімді қамтиды. Аудит жүргізу үшін мемлекеттік аудит жүйесінің жетекші мамандары, сондай-ақ IT және байланыс саласының сарапшыларынан арнайы топ құрылды.

Тексеру барысында Қарулы күштер қызметінің негізгі бағыттарына баға беріледі. Атап айтқанда, әскери бөлімдердің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, жеке құрамның даярлығы, әскери оқу-жаттығу жиындарының өткізілуі, әскери инфрақұрылымның дамуы, қару-жарақ пен техниканың жаңғыртылуы, сондай-ақ цифрлық жүйелердің тұрақты жұмыс істеуі тексеріледі.

Сонымен қатар Президентке мемлекеттік қорғаныс тапсырысына жүргізілген аудиттің нәтижелері таныстырылды. Жоғары аудиторлық палата тексеру қорытындысы бойынша анықталған заң бұзушылықтарды жою үшін Үкімет пен салалық мемлекеттік органдарға 57 нақты ұсыным мен тапсырма жолдаған.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына экономикалық даму мен әлеуметтік саланың басым бағыттарын қамтитын жоспарлы аудиторлық тексерістің барысы баяндалды.

Әлихан Смайылов сондай-ақ Астанада өткен Азия жоғары аудит органдары ұйымы Басқарма кеңесінің 63-отырысының қорытындысы туралы айтты. Жиынға 19 елдің өкілдері қатысты. Бұл форматтағы іс-шара Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылды.

Кездесу соңында Президент Қорғаныс министрлігіндегі аудитті жүргізуге және мемлекеттік аудит жүйесін одан әрі жетілдіруге қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.