×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Өзбекстан үкіметі тұрғындарды күн батареяларын орнатуға мәжбүрлеп жатыр

16.02.2023, 17:09
Өзбекстан үкіметі тұрғындарды күн батареяларын орнатуға мәжбүрлеп жатыр
фото: ашық дереккөзден

Өзбекстан билігі газ бен электр қуаты тапшылығын күн қуаты арқылы шешпек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Орталық Азияның жаңалықтар қызметінің жазуынша, энергетика дағдарысы тереңдеген уақытта президент Шавкат Мирзияев мемлекеттік ұйымдарды, жекеменшік және мемлекеттік кәсіпорындарды толықтай күн қуатына көшіруді тапсырды.

Енді жергілікті кәсіпкерлер мен тұрғындар күн батареяларын орнатуға, сол үшін банктерден несие алуға мәжбүрлеп жатқанына шағымдана бастады.

"Әкімдіктегілер: "Күн батареяларын орнатпасаң кәсібіңді жап", дейді. Қуаты 1,6 кВт болатын күн батареяларын 19 млн сумға ($1700), 2,2 кВт батареяларды 27 млн сумға ($2400) бес жылға 15 пайыздық үстемемен несие алуға мәжбүрлеп жатыр", — дейді Азаттықтың Өзбек қызметіне Әндіжандағы Хаятулло есімді кәсіпкер.

Әндіжан облысында күн батареяларын орнатуға байланысты науқан ақпанның басында өңірге Шавкат Мирзияев келіп кеткен соң басталған.

1 ақпанда президент Әніжанда кәсіпкерлермен кездесіп, күн батареяларын орнатқан үйлер немесе кәсіпорындар артық электр қуатын мемлекетке сата алады деп мәлімдеген.

Бір күннен соң Әндіжан облысының басшысы Шухрат Әбдірахманов жиналыс өткізіп, ұйымдар мен жекеменшік кәсіпорындар басшыларына күн батареяларын өз есебінен орнатуы тиіс екенін айтқан.

15 ақпанда Әндіжан облысы әкімшілігінің баспасөз хатшысы кәсіпкерлерді күн батареяларын орнатуға мәжбүрледі дегенді жоққа шығарды.

Өзбекстанның басқа да өңірлерінде күн батареяларын орнату науқаны жүріп жатыр. Тұрғындар мен бюджет қызметкерлері, әсіресе мұғалімдер, несиеге күн батареяларын алуға мәжбүрлеп жатқанына шағымданды.