×
$
453.65
€
509.99
₽
5.31
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
453.65
€
509.99
₽
5.31

90 мыңға жуық адамнан 25 млрд теңге: Asar Baspana ұйымдастырушылары сотталды

Бүгін, 13:07
90 мыңға жуық адамнан 25 млрд теңге: Asar Baspana ұйымдастырушылары сотталды
Видеодан алынған кадр/Ulysmedia коллажы

Алматыда Asar Baspana қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты сот үкімі шықты. Тергеу мәліметінше, Туғанбаев Н.М. бастаған топ 90 мыңға жуық азаматтан жалпы 25 млрд теңге қаражат тартқан, 

Мән-жай

Ұйымдастырушылар салымшыларға ай сайын 30%-ға дейін табыс түсетінін уәде еткен. Олар құрылыс материалдары өндірісі, тігін цехы, тұрмыстық және медициналық техника шығаратын зауыт жұмыс істеп тұрғаны туралы жалған мәлімет таратқан. Іс жүзінде өнімдер өзге жеткізушілерден сатып алынып, «Asar Baspana» логотипімен таңбаланған.

2024 жылғы желтоқсаннан бастап азаматтардың пирамидаға деген сенімі азайған кезде ұйымдастырушылар автомагазиндер ашылып, дилерлермен ынтымақтастық орнатылғаны туралы да жалған ақпарат таратқан. Ал көліктер салымшылардың ақшасына сатып алынып, туыстарының атына рәсімделген.

Сот үкімі

Сот үкімімен Туғанбаев Н.М. 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Тағы үш ұйымдастырушының әрқайсысына 7 жылдан бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үш өңірлік жетекші 5 жылға шартты түрде сотталды.

Сонымен қатар, жалпы сомасы 5,6 млрд теңгеге бағаланған бұғатталған активтер жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеуге бағытталады. Мүліктің қалған бөлігі мемлекет кірісіне өткізіледі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.