×
$
447.14
€
500.35
₽
5.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
447.14
€
500.35
₽
5.24

Шымкентте екі жұмысшы құдықта газға уланып қаза тапты

Бүгін, 11:19
Шымкентте екі жұмысшы құдықта газға уланып қаза тапты
ЖИ/ Ulysmedia

Шымкентте су құбырларын ауыстыру кезінде екі жұмысшы құдыққа түсіп, қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, 20-22 жастағы екі азамат газға уланып көз жұмған. Үшінші жұмысшы аман қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Қайғылы оқиға күндіз қала орталығында болған. Оқиға туралы 31 арна хабарлады. Куәгерлердің айтуынша, жеке компанияда жұмыс істейтін үш адам терең құдыққа түсіп, ұзақ уақыт бойы сыртқа шықпаған. Бұған алаңдаған әріптестері олардың соңынан құдыққа түсіп, жұмысшыларды жоғарыға алып шыққан.

Екі адам оқиға орнында қаза тапқан. Үшінші жұмысшыға медициналық көмек көрсетіліп, кейін үйіне жіберілген.

— Ол жерде шұңқыр болды, жұмысшылар құбыр төсеп жатқан. Кейін прокурор мен басқа да қызметкерлер келді. Адамдар жиналып, екі адамның қаза болғанын айтты. Біреуі аман қалды. Мәйіттерді алып шықты. Газға уланып қалған дейді, — деді куәгер.

Полиция қылмыстық іс қозғады.

— Құбыр тарту кезінде жұмысшылардың қаза болуына байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, олар құдық ішінде қалған газдан уланып қалған. Оқиғаның барлық мән-жайы және еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуына жауапты тұлғалар анықталып жатыр, — деп хабарлады Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі.