×
$
447.14
€
500.35
₽
5.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
447.14
€
500.35
₽
5.24

Атамбаевтың ұлы жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға оқталды деп төрт жылға сотталды

Бүгін, 16:06
Атамбаевтың ұлы жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға оқталды деп төрт жылға сотталды
Видеодан алынған кадр

Бішкекте Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың ұлы Қадырбек Атамбаев жаппай тәртіпсіздікке дайындалды деп айыпталып, төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Оның мүлкі тәркіленеді. Осы іс бойынша Қазақстан азаматы Серікбай Кубаланбек уулу босатылып, Қазақстанға жер аударылатын болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Кім қандай жаза алды?

Бішкектің Бірінші мамыр аудандық соты алты айыпталушыға қатысты үкім шығарды.

Жеңіш Абдрахманов сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Оның да мүлкі тәркіленеді.

Темірлан Сұлтанбеков төрт жылға сотталды. Бұған дейінгі сайлаушыларды сатып алу ісі бойынша өтелмеген жазасын ескергенде, оған жалпы жеті жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, мүлкі тәркіленетін болды.

Қадырбек Атамбаев төрт жылға сотталып, мүлкі тәркіленеді.

Эрмек Эрматов екі жылға сотталды. Алайда оны жазасын өтеуден босатып, пробациялық бақылау тағайындады.

Қуанычбек Кадыров ақталды.

Ал Қазақстан азаматы Серікбай Кубаланбек уулу босатылып, Қазақстанға жер аударылатын болды.

Не болып еді?

2025 жылдың қараша айының соңында Қырғызстан Ішкі істер министрлігі мерзімінен бұрын өткен парламент сайлауынан кейін жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға дайындалды деген күдікпен он адамды ұстаған.

Ұсталғандардың арасында экс-президенттің ұлы, «Социал-демократтар» партиясының өкілдері, бұрынғы депутаттар мен кәсіпкерлер болды.

Оларды қамауға алмас бұрын күштік құрылымдар бұрынғы бірінші ханым Раиса Атамбаеваның пәтерінде тінту жүргізді.

Іс жабық сот отырысында қаралды. Шілде айында үш фигурантқа қатысты материалдар жеке өндіріске бөлінген.