×
$
448.94
€
502.05
₽
5.26
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
448.94
€
502.05
₽
5.26

Астана тұрғын үйді жалдау бағасының өсуі бойынша Алматыдан озып кетті

Бүгін, 18:50
Астана тұрғын үйді жалдау бағасының өсуі бойынша Алматыдан озып кетті
Ulysmedia коллажы

Астанада пәтер жалдау қымбаттап жатыр. Қыркүйек айында тұрғын үйді жалдаудың орташа құны тамызбен салыстырғанда тағы 5,1% өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бағаның өсу қарқыны кейінгі 10 жылдағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болды. Бұл туралы Data Hub жазды.

Бұған дейінгі жылдары Астанада қыркүйек айында жалдау ақысы тек екі рет бұдан да қатты өскен. 2022 жылы Ресейден қоныс аударушылардың көптеп келуіне байланысты баға бір айда бірден 15,7% қымбаттаған. Ал 2021 жылы өсім 7,4% болған. Биылғы қыркүйекте бұл көрсеткіш 5,1% болды.

Үш айдан бері баға өсіп келеді

Астанада тұрғын үйді жалдау құны үшінші ай қатарынан тез өсіп жатыр. Мұндай үрдіс шілде, тамыз және қыркүйек айларында байқалған.

Жылдың осы кезеңінде бағаның маусымдық өсуі қалыпты жағдай болғанымен, сарапшылардың айтуынша, бағаның өсу қарқыны осынша ұзақ уақыт бойы үдей түскені кем дегенде 2016 жылдан бері тіркелмеген.

Астана Алматыдан айтарлықтай озып кетті

Тұрғын үйді жалдау бағасының өсу қарқыны бойынша Астана Алматыдан екі еседен астам озып кетті. Қыркүйек айында оңтүстік астанада пәтер жалдау ақысы бір айда 2,1% өскен.

Пәтер бағасы қалай өзгерді?

Тұрғын үйді сатып алу-сату нарығындағы жағдай өзгеше. Астанада бастапқы нарықтағы тұрғын үй бағасы кейінгі 15 айда алғаш рет 0,2% арзандады. Ал қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы 0,2% өсті.

Алматыда жаңа тұрғын үйлердің бағасы бір айда өзгермеген. Қайталама нарықтағы тұрғын үй құны 0,9% қымбаттады.