×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Түркияда тағы жер сілкінді

17.02.2023, 07:52
фото: ашық дереккөзден

Түркияның оңтүстік-шығысында 5,1 магнитудасымен жер сілкінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы елдің Төтенше жағдайлар басқармасы мәлім етті.

Жерасты дүмпуінің ошағы Жерорта теңізінде 10 шақырым тереңдікте орналасты және Хатай провинциясындағы теңіз жағалауы аумағынан 5 шақырымға жуық жерде болды.

Зардап шеккендер немесе қирандылар туралы мәлімет түспеген.

Еске салайық, 6 ақпанда Түркияда 7 балдан асатын жойқын жер сілкінісі болды. Зілзаладан кейін 4 мыңнан астам афтершок тіркелді.

16 ақпандағы дерекке сәйкес, табиғи апат салдарынан қаза болғандар саны 36,1 мыңнан асты. 

Айта кетейік, бұдан бұрын ДДСҰ Түркия мен Сирияда 26 млн адам гуманитарлық көмекке мұқтаж екенін мәлімдеген.

Серіктес жаңалықтары