×
$
453.93
€
508.72
₽
5.35
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
453.93
€
508.72
₽
5.35

«Такси ақысын төлемеген»: Алматыда жүргізуші шетелдік туристерге шағымданды

Бүгін, 15:59
«Такси ақысын төлемеген»: Алматыда жүргізуші шетелдік туристерге шағымданды

Алматыда такси жүргізушісі шетелдік туристердің жолақысын төлеуден бас тартқанына шағымданды. Оның айтуынша, жолаушылар діттеген жеріне жеткен соң ақысын бермеген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиғаның мән-жайы

Оқиға видеоға түсіріліп, әлеуметтік желілерде тарады. Такси жүргізушісінің айтуынша, жолаушылар жолақысын төлемеген.

Осы кезде шетелдіктердің бірі қолымен камераның бетін жабуға тырысқан.

Әзірге жанжалдың басқа мән-жайы белгісіз. Тараптардың не себепті келісе алмағаны және жолаушылардың кейін жолақысын төлеген-төлемегені туралы ақпарат жоқ.

Редакция оқиғаға қатысты ресми пікір алу үшін Алматы қалалық полиция департаментіне сауал жолдады.