×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Нұрлан Мәсімов ісі: Павлодарда сот отырысы басталды

17.02.2023, 10:29

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында осы өңірде полиция департаментін басқарған Нұрлан Мәсімовке қатысты сот отырысы қайта жалғасты.

17 ақпанда алдын ала тыңдау өтеді.

Еске салсақ, былтыр 17 қаңтарда Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов қызметінен босатылған еді.

Сол жылы маусымда Павлодар облыстық Полиция департаментінің бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланған болатын. Оған аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген айып тағылды.

Кейін іздеу жарияланған Нұрлан Мәсімов туралы ақпарат берген адамға 12 млн теңгеге дейін сыйақы берілетіні хабарланды.

2022 жылы 13 шілде де ҚР Ұлтық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Нұрлан Мәсімовті Ресеймен шекарада ұстады.

Бұдан бұрын сот қамауда отырған Нұрлан Мәсімовке 428 мың теңге айыппұл салған.

Серіктес жаңалықтары