×
$
451.31
€
504.56
₽
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
451.31
€
504.56
₽
5.36

Ақтөбеде әйелдің қатыгездікпен өлтірілген сәті видеоға түсіп қалған

Бүгін, 09:10
Ақтөбеде әйелдің қатыгездікпен өлтірілген сәті видеоға түсіп қалған
t.me/zello_telegram

Ақтөбеде 35 жастағы әйел кісі қолынан қаза тапты. Интернетте шабуыл сәті түсірілген болуы мүмкін деген жантүршігерлік кадрлар пайда болды. Полиция күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Кісі өлтірді деген күдікпен Атырау қаласының 28 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам мен марқұм бір-бірін таныған. Олардың арасында жанжал туындап, күдікті әйелге пышақ жарақатын салған. Әйел оқиға орнында көз жұмды.

Полицияның не дейді

— Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп, қылмыстың себептері мен уәждері анықталып жатыр, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаменті.

Тергеу облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында. Оқиғаға қатысты өзге мәліметтер жарияланған жоқ.