×
$
451.31
€
504.56
₽
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
451.31
€
504.56
₽
5.36

Елімізде шетелдіктерге ЖСН беру тәртібі қатаңдатылмақ

Бүгін, 13:11
Елімізде шетелдіктерге ЖСН беру тәртібі қатаңдатылмақ
ашық дереккөз

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) беру және оны түзету қағидаларына өзгерістер енгізуді ұсынды. Енді құжат рәсімдеу алдында олардың елде заңды түрде жүргені мұқият тексеріледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мигранттарға қойылатын талап күшейеді

Жаңа бұйрық жобасына сәйкес, ЖСН беру немесе өзгерту туралы өтініш берілген кезде шетел азаматының деректері иммигранттардың эталондық деректер базасымен салыстырылады.

Бұл өзгерістер Қазақстанда заңсыз жүрген адамдардың ЖСН алуына жол бермеуді және бақылауды күшейтуді көздейді. Осылайша, ЖСН тек Қазақстан аумағында заңды негізде жүрген шетелдіктерге ғана берілмек.

Ведомствоның мәліметінше, жаңа талаптар көші-қон заңнамасын бұзушыларды анықтауға және мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде пайдаланылатын мәліметтердің дұрыстығын арттыруға мүмкіндік береді.

Өзгерістер не үшін енгізілмек?

Қағидаларға түзетулер цифрландыру, дербес деректерді қорғау және озық технологияларды реттеу мәселелеріне қатысты жаңа заңның қабылдануына байланысты әзірленген.

Құжат әзірлеушілердің мәлімдеуінше, бұйрық жобасының қабылдануы әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық тұрғыдан қандай да бір жағымсыз салдарға әкелмейді.

Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланған. Қоғамдық талқылау 2026 жылғы 28 қазанға дейін жалғасады.