Синоптиктер Қазақстандағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
14 қазан, сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, жел күшейіп, тұман түсуі мүмкін. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елдің көптеген өңірінде ауа температурасы төмендейді. Әсіресе республиканың солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында күн айтарлықтай суытады.
Кейбір өңірлерде түнгі және таңғы уақытта тұман түседі. Ал ел аумағының басым бөлігінде жел күшейеді. Қазақстанның орталығы мен оңтүстігінде айтарлықтай жауын-шашын күтілмейді, мұнда негізінен құрғақ ауа райы сақталады.
Солтүстік-батыста күндіз ауа температурасы +10…+22 °C-қа дейін көтеріледі. Солтүстікте түнде ауа температурасы −1…−6 °C-қа дейін төмендеп, күндіз +3…+13 °C болады.
Орталық өңірлерде түнде ауа температурасы −6…+3 °C аралығында болса, күндіз +4…+15 °C-қа дейін жылынады.
Шығыста түнде ауа температурасы −5…+5 °C, күндіз −1…+9 °C болады.
Оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасы +5…+10 °C, ал таулы аймақтарда −2…+3 °C шамасында болады. Күндіз ауа температурасы +10…+22 °C-қа дейін көтерілсе, таулы жерлерде +5…+10 °C аралығында болады.