ҚР ұлттық экономика министрі – премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин табысы жоғары қазақстандық отбасылардың болжамды санын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мән-жай
Құрылтайда өткен брифингте Серік Жұманғарин әлеуметтік реформаның алдын ала есептерін ұсынды.
– Қателеспесем, әңгіме 522 мың адам туралы болып отыр. Олардың шамамен 70 мыңы – А санатында, қалғандары – В санатында, – деді Серік Жұманғарин.
Министрдің айтуынша, қазір санаттарға қатысты талдау әлі де жалғасып жатыр. Жәрдемақы алушылардың барлығына тиісті хабарламалар жіберіледі.
– Кеше бұл мәселені талқыладық. Біз азаматтарымызға тиесілі көмекті кем бергенше, олардың пайдасына қарай қателескенді жөн көреміз. Мәселе қалай болғанда да үнемдеу туралы емес, – деп сендірді министр.