×
$
448.45
€
501.59
₽
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
448.45
€
501.59
₽
5.36

Қазақстан U23 әлем чемпионатында тарихи нәтиже көрсетті

Бүгін, 16:45
Қазақстан U23 әлем чемпионатында тарихи нәтиже көрсетті
UWW

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан U23 әлем чемпионатында грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы тарихи нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Ұлттық құрама балуандары алғаш рет бір турнирде екі алтын медаль жеңіп алды.

Айбек Айтбеков (60 кг) пен Юсуф Ашрапов (72 кг) әлем чемпионы атанды. Айбек финалда Әзербайжан өкілі Эльмир Әлиевті 13:4 есебімен жеңсе, Юсуф шешуші белдесуде Армения балуаны Гаспар Тертеряннан 4:3 есебімен басым түсті.

Сонымен қатар Темірлан Тұрдақын (87 кг) финалға жолдама алып, алтын медаль үшін Иран өкілі Ясин Әли Яздиге қарсы күреседі. Ал Джохар Узаров (130 кг) әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін белдеседі.