×
$
450.62
€
504.2
₽
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
450.62
€
504.2
₽
5.36

11 градусқа дейін аяз: елдің бірнеше өңірінде күн күрт суытады

Бүгін, 09:00
11 градусқа дейін аяз: елдің бірнеше өңірінде күн күрт суытады
Pixabay.com

Синоптиктер Қазақстандағы ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

15 қазан, сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы қолайсыз болады. Атмосфералық фронттардың әсерінен өңірлерде жаңбыр мен қар жауады. Елдің шығысында көктайғақ болуы мүмкін. Республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын мол түседі. 

Орталық және оңтүстік өңірлерде айтарлықтай жауын-шашын күтілмейді. Ел аумағының барлық өңірінде жел күшейеді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.

Өңірлердегі ауа температурасы

Қазақстанның батысында түнде ауа температурасы +7…+15 градус, күндіз +17…+25 градус болады.

Елдің солтүстігінде түнде −3…−8 градус аяз. Күндіз ауа температурасы +7…+12 градусқа дейін көтеріледі.

Қазақстанның шығысында түнде ауа температурасы −1…−6 градус, кей жерлерде −3…−11 градусқа дейін төмендейді. Күндіз негізінен +3…+12 градус жылы болады. Өңірдің шығысында ауа температурасы −2 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Республиканың оңтүстігінде түнде +2…+10 градус, күндіз +15…+25 градус жылы болады.

Елдің оңтүстік-шығысында түнде ауа температурасы 0…+8 градус аралығында болады. Таулы аймақтарда −2…−7 градус аяз күтіледі. Күндіз +12…+22 градус жылы болады, кей жерлерде ауа температурасы +10…+18 градус аралығында сақталады.