×
$
450.62
€
504.2
₽
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
450.62
€
504.2
₽
5.36

Теңге әлсіреп барады: доллар бір күнде 2,7 теңге қымбаттады

Бүгін, 19:01
Теңге әлсіреп барады: доллар бір күнде 2,7 теңге қымбаттады
Ulysmedia коллажы

15 қазанда Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда қорытындысы бойынша теңге негізгі валюталардың барлығына қатысты әлсіреді. Доллардың орташа бағамы 2,70 теңге өсіп, 453,91 теңгеге жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Биржадағы бағам

Сауда Астана уақытымен сағат 17:00-де аяқталды. Доллармен сауда көлемі 478,18 млн доллар болды. Еуро 3,44 теңге қымбаттап, 509,16 теңгеге жетті. Рубль 0,04 теңгеге өсіп, 5,42 теңге болды. Қытай юані 0,42 теңге қымбаттап, 67,87 теңгеге жетті.

Еске салайық, алдыңғы күні де биржада доллар 2,73 теңге қымбаттап, сауданы 451,21 теңгемен аяқтаған еді. Осылайша, америкалық валюта екі күнде 5 теңгеден астам қымбаттады.

Айырбастау пункттеріндегі бағам

Алматыдағы айырбастау пункттерінде сағат 17:30 шамасында доллар 452,5-453 теңгеден сатып алынып, 454-455 теңгеден сатылды. Еуроны 500-508 теңгеден сатып алып, 509-510 теңгеден сатты. Рубльдің сатып алу бағамы 5,15-5,25 теңге, сату бағамы 5,29-5,33 теңге болды.

Астанадағы бағам жоғары. Мұнда доллар 451 теңгеден сатып алынып, 458 теңгеден сатылды. Еуроны 503 теңгеден сатып алып, 513 теңгеден сатты. Рубльдің сатып алу бағамы 5,25 теңге, сату бағамы 5,45 теңге болды.