×
$
454.14
€
509.23
₽
5.41
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
454.14
€
509.23
₽
5.41

Қазақстанда түнде ауа температурасы -11 градусқа дейін төмендейді

Бүгін, 09:01
Қазақстанда түнде ауа температурасы -11 градусқа дейін төмендейді
ашық дереккөз

Қазақстан синоптиктері алдағы күндері ел аумағында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

16 қазан, жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар аралас жаңбыр жауып, жел күшейеді. Елдің шығысында көктайғақ болып, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Жауын-шашын атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты болады.

Шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде нөсер жаңбыр мен қар жаууы ықтимал. Республиканың орталық және оңтүстік өңірлерінде айтарлықтай жауын-шашын түспейді. Ел аумағының барлық бөлігінде жел күшейеді.

Қазақстанның батысында түнде ауа температурасы +7…+15 градус, күндіз +17…+25 градус болады.

Солтүстікте түнде -3…-8 градус аяз болжанса, күндіз +7…+12 градусқа дейін жылынады.

Шығыста түнде ауа температурасы -1…-6 градус, кей жерлерде -3…-11 градусқа дейін төмендейді. Күндіз негізінен +3…+12 градус болады. Өңірдің шығысында ауа температурасы -2 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Республиканың оңтүстігінде түнде +2…+10 градус, күндіз +15…+25 градус жылы болады.

Оңтүстік-шығыста түнгі температура 0…+8 градус аралығында болады. Таулы аудандарда -2…-7 градус аяз болжанады. Күндіз ауа температурасы +12…+22 градус, кей жерлерде +10…+18 градус болады.