×
$
452.12
€
508.95
₽
5.41
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
452.12
€
508.95
₽
5.41

Орталық Азиядағы алғашқы концерт: Шакира Бішкекке барды

Бүгін, 15:42
Орталық Азиядағы алғашқы концерт: Шакира Бішкекке барды
Ulysmedia.kz коллажы

Әлемге танымал колумбиялық әнші Шакира Қырғызстанға барды. Өнер иесі 18 қазанға қараған түні Бішкекке ұшып барып, бүгін Орталық Азиядағы алғашқы концертін береді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Бішкекке табан тіреген Шакира Instagram-парақшасында сурет жариялап, жанкүйерлерімен қырғыз тілінде амандасты.

– Салам, Кыргызстан! – деп жазды әнші.

Әлемдік жұлдызды «Манас» халықаралық әуежайында жанкүйерлері, концерт ұйымдастырушылары және Қырғызстан президенті әкімшілігінің өкілдері қарсы алды.

Олардың арасында президент әкімшілігінің ақпараттық саясат қызметінің басшысы Дайырбек Орунбеков пен президент Іс басқармасы басшысының бірінші орынбасары Бообек Салимжанов болды.

Концерт қашан өтеді?

Шакира 18 қазанда «Бішкек Арена» стадионында өнер көрсетеді. Концерт жергілікті уақыт бойынша сағат 19:00-де, ал Астана уақытымен 18:00-де басталады.

Ән кеші жұлдыздың Las Mujeres Ya No Lloran World Tour атты әлемдік турнесі аясында ұйымдастырылып отыр.

Көрермендер Hips Don’t Lie, Waka Waka, Whenever, Wherever және She Wolf секілді әлемге танымал хиттерді, сондай-ақ әншінің жаңа альбомындағы туындыларды тыңдай алады.

Бұған дейін Қырғызстандағы Шакира концертіне сатылған билеттердің әрбір бесіншісіне жуығын қазақстандықтар сатып алғаны хабарланған еді.