×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Германияда 7 әуежайдың ұжымы ереуілге шықты

17.02.2023, 17:35

Соның салдарынан жүз мыңдаған адам жоспарлаған сапарына шыға алмай қалған. ADV әуежайлар бірлестігі бұл жағдайды теңдессіз еңбек ереуіліне теңеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы dw агенттігіне сілтеме жасап.

Германияда бүгін таңертең әуежайда ереуіл басталып, елдегі әуе қозғалысы едәуір тоқтап қалды. Ереуіл Ганновер әуежайында басталды. Ver.di кәсіподақ ұйымының мәліметінше, Ганновер әуежайы іс жүзінде жұмысын тоқтатқан. Ереуілді ұйымдастырушылар Франкфурт-на-Майне, Мюнхен, Штутгарт, Бремен, Гамбург және Дортмунд әуежайларындағы барлық рейстерге мүмкіндігінше кедергі жасамақ.

ADV әуежай қауымдастығы 2340 рейстің тоқтатылуынан 300 000-ға жуық жолаушы зардап шегеді деп есептейді. Бірлестік болып жатқан жағдайды еңбек жанжалының бұрын-соңды болмаған деңгейде өршуі деп атады. Бір ғана Lufthansa әуе компаниясы 1300-ге жуық рейсті тоқтатуға мәжбүр болған.

Қазіргі уақытта Германиядағы мемлекеттік сектор қызметкерлері жұмыс жағдайын жақсарту үшін әуежайлардың сыртында ереуілде тұр. 17 ақпанда жұмысшылардың талаптарын қолдауға арналған жаппай акциялары жоспарланған.

Ереуілшілер санатындағы 2,5 миллион адам жалақыны 10,5 пайызға көтеруді және 500 еуро көлемінде бір реттік төлемді талап етеді. Еңбек шартының мерзімі 12 ай болуы керек. Жұмыс берушілер бұл талаптарды қабылдамай отыр. Келіссөздердің келесі кезеңі 22-23 ақпанда Потсдамда өтеді деп жоспарланған.

Серіктес жаңалықтары