×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Инга Иманбай Мәжіліске кандидат ретінде тіркелді

17.02.2023, 17:28

Орталық сайлау комиссиясы тіркелмеген Демократиялық партияның жетекшісі Жанболатай Мамайдың жұбайы Инга Иманбайдың Мәжіліс сайлауына кандидатурасын мақұлдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Ресми түрде ТІРКЕЛДІМ! Жаңа ғана Алматыдағы бір мандатты №3 сайлау округінен мәжіліс депутаттығына үміткер деген құжатымды алдым. Алла бұйыртса, ертең сағат 18-00 сайлау алды үгіт насихат жұмысы басталады. Барлық мәселені сол кезде айтармыз. Әділ, ашық сайлау болса, күреске біз дайынбыз!» - деп жазды әлеуметтік желіде Инга Иманбай.

Еске салайық, Парламент Мәжілісі 98 депутаттан тұрады. Депутаттарды тіркеу 18 ақпанға дейін жалғасады. Сайлау 19 наурызға белгіленген.

Жанболат Мамай 2022 жылы ақпанда қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандарды еске алу митингісінен кейін бірден қамауға алынған. Содан бері оны қамауда ұстау мерзімі бірнеше рет ұзартылды. Қараша айында белсендіге “жалған ақпарат таратты, мемлекеттік қызметкерді балағаттап, тәртіп бұзды, бейбіт жиналыстар ұйымдастырды” деген айып тағылған. Сот отырысында Мамай өзіне тағылған айыппен келіспейтінін, өзінің кінәсіз екенін дәлелдейтінін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары