×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Қазақстанда түріктер тұрғызған үйлердің сапасы тексеріле ме?

17.02.2023, 18:19
Фото: Ашық дереккөз

Түркиядағы жер сілкінісінен кейін түрік құрылыс компаниялары салған нысандар сапасы өзге елдерде тексеріле бастаған. Осыған байланысты қазақстандықтар да өз қызығушылығын білдіріп, билікке "Біздегі құрылыс нысандары тексеріле ме" деген сауал қоюда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Вице-премьер Роман Скляр журналистердің осы негіздегі сауалына жауап берді. "Жақын күндері осы сипатта тексеру жүргізу жоспарланған ба" деген сауал тасталды. 

"Менің білуімде, қазір мұндай тексеру жүргізіліп жатқан жоқ", – деді Роман Скляр

2023 жылы 6 ақпанда таңертең Түркияда 7,7 балдық жер сілкінісі орын алды.

8 ақпанда таңертең Тоқаев Үкіметке Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 млн доллар бөлуді тапсырды.

Сонымен қатар, Түркияға Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлердің екі тобы аттанды.

16 ақпанда Қазақстан мен Қырғызстан Түркияда зардап шеккендерге көмек ретінде 84 киіз үй жеткізгені белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары