×
$
450.69
€
505.04
₽
5.45
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
450.69
€
505.04
₽
5.45

"Қазгидромет" елдің барлық өңірінде аяз болатынын ескертті

Бүгін, 14:43
"Қазгидромет" елдің барлық өңірінде аяз болатынын ескертті
ашық дереккөз

22-24 қазанда Қазақстанда күн суытады. Жауын-шашын тоқтап, елдің солтүстігі мен шығысында түнгі аяз 5-10 градусқа дейін жетеді. Оңтүстік өңірлерде де күн салқындайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Суық қайдан келеді

Қазақстанға жаңбыр мен қар әкелген циклон ел аумағынан алыстап барады. Оның орнына суық антициклон келеді. Антициклон – әдетте ашық әрі суық ауа райын қалыптастыратын жоғары қысымды аймақ.

Әуелі батыс өңірлерде күн суытады. Кейін суық елдің қалған бөлігіне таралады.

Ауа температурасы қандай болады

Солтүстік және шығыс облыстарда түнгі температура біртіндеп 0…+5 градустан -5…-10 градусқа дейін төмендейді.

– Оңтүстік өңірлердің тұрғындары да қыстың жақындағанын сезеді. Түнде ауа температурасы -2…-7 градусқа дейін төмендеп, күндіз +2…+7 градус болады, – деп хабарлады «Қазгидромет».

Контекст

Бұған дейін «Қазгидромет» Қазақстанда 2026 жылғы қараша айында ауа температурасы климаттық нормадан 2 градусқа жоғары болатынын хабарлаған еді.

Елдің басым бөлігінде айлық орташа температура 0…-5 градус аралығында болады. Ал оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлерде ауа температурасы +1…+9 градусқа дейін жетеді.

Солтүстік және шығыс облыстарда жауын-шашын мөлшері әдеттегіден көп болады деп болжанып отыр.