×
$
450.69
€
505.04
₽
5.45
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
450.69
€
505.04
₽
5.45

ІІМ "Додо Пиццаға" жасалған хакерлік шабуылға қатысты мәлімдеме жасады

Бүгін, 15:03
ІІМ "Додо Пиццаға" жасалған хакерлік шабуылға қатысты мәлімдеме жасады
2GIS

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі ел азаматының "Додо Пицца" пиццериялар желісін бұзуға қатысы болуы мүмкін деген ақпаратқа түсінік берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жайы

ІІМ Киберқылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай Ресей тарапы бұл іске қатысты Қазақстан азаматының ұсталғаны туралы ведомствоға ресми хабарламағанын мәлімдеді.

– Бұл оқиға Ресей аумағында болған. Қолымыздағы ақпарат бойынша, Қазақстан азаматының ұсталғаны расталмайды. Осыған байланысты азаматтарымызға қатысты ешқандай шара қолданылған жоқ. Бізге оның ұсталғаны туралы ресми түрде ешкім хабарлаған жоқ, – деді ол баспасөз мәслихатында.

Контекст

Еске салайық, бұған дейін DataSuckers хакерлер тобы деректердің таралуына қатысты Қазақстан сегментінің статистикасын жариялаған еді.

Олардың мәліметінше, ұрланған деректер базасында Қазақстан тұрғындарының 6,5 миллион бірегей телефон нөмірі, 6,7 миллион клиент туралы ақпарат және 59 миллионнан астам тапсырыс болған.

«Додо Пицца» компаниясы кибершабуыл жасалғанын растады. Сондай-ақ хакерлердің клиенттердің аты-жөніне, мекенжайларына, телефон нөмірлеріне және тапсырыстарының құрамына қол жеткізуі мүмкін екенін мойындады.